“Құқықтық көмек” жобасы аясында заңнамалық кеңестер берілді.
Бүгін облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» тақырыптық қабылдауы өткізілді.
Қабылдауды «Бітім» медиация орталығының кәсіби медиаторы, заңгер Қ. Рашов және Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы К. Будикова жүргізді.
Қабылдау барысында тұрғындар жер мәселесін, атап айтқанда, қала орталығында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің ауласын жекешелендіріп,сатып жіберілгендігі, одан бөлек, көршісімен жер теліміне қатысты туындаған дауды шешуге кеңес сұрады.
Сонымен қатар, «БІТІМ» медиация орталығының медиаторы Қ. Рашов ажырасу мәселесімен жүгінген азаматшаға кеңес беріп, отбасын сақтау маңыздылығы айтылды.
Қабылдаушылар әр тұрғынның өтінішін тыңдап, қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне жолығып, мәселені толықтай зерттеу керектігін жеткізді.