Қызылорда қалалық соты 2023 жылдың I тоқсанында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысын қорытындылады.
Қызылорда қалалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2023 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясын Қызылорда қалалық сотының төрағасы Д.Н. Кентбаев жүргізді.
Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.
Қызылорда қалалық сотына 2023 жылдың 3 айында 2268 талап қою мен 65 азаматтық іс түскен.
Барлығы 1572 азаматтық іс аяқталған. Оның ішінде 796 шешім шығарылған, 182 іс бойынша өндіріс қысқартылған, 262 азаматтық іс қараусыз қалдырылған, 13 іс соттылығы бойынша жолданып отыр. Аталған кезеңде 317 сот бұйрығы және 8 жеке ұйғарым қабылданған.
Сондай-ақ, есепті кезеңде негізінен қаралған істердің санаттарына тоқталсақ, еңбек ақы өндіру туралы – 9 іс, жұмысқа қайта орналастыру туралы – 6 іс, неке бұзу туралы – 319 іс, заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы – 83 іс, жер құқық қатынастарына байланысты даулар бойынша – 15 іс, шарттық міндеттемелерге байланысты даулар – 562 іс, зиян өндіру туралы – 13 іс, оның ішінде моральдық зиян өндіру туралы – 5 іс, денсаулыққа келген зиянды өндіру туралы – 8 істі құрап отыр.
Дауларды реттеудің қолданыстағы тетіктерін жетілдірудің және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғаудың басым бағыттарының бірі – татуластыру рәсімдерін дамыту болып табылады. Осыған орай, сотпен аталған кезеңде татуластырушы-судьяның қарауымен 103 іс медиация тәртібімен аяқталған. Сонымен қатар 6 азаматтық іс бітімгершілік шартпен, 56 азаматтық іс медиация тәртібімен және 1 іс партисипативтік рәсім тәртібімен аяқталған. Ал, салыстырылып отырған 2022 жылдың 3 айында 6 іс бітімгершілікпен, 104 іс медиация тәртібімен, яғни барлығы 110 іс татуласу рәсімдерімен аяқталған болатын.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе, сот төрағасы БАҚ өкілдерінің тақырып аясындағы сауалдарына жауап беріп, шараға қатысқандары үшін алғысын білдірді.