Республиканың әр облысынан келген жастар «Байқоңыр» кешенінде болып, қала жастарымен кездесіп, жергілікті жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты

Барлық облыстарынан жиналған орталық басшылары мен өкілдері қатысқан арнайы жиында Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілдігінің басшылығынан Ж. Шайхысламов пен Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К. Бусыгин қала жастарының жарқын болашағы үшін және бүгінгі күні осы салада бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Көшпелі жиын әрі қарай Байқоңыр ғарыш айлағында орналасқан «Байқоңыр ғарыш айлағының тарихы» мұражайда жалғасты. Адамзат пен ғарышты байланыстыратын ғарыш айлағының кешегісі мен болашағы туралы сыр шертетін экспонаттарға толы мұражай келуші жастарға үлкен әсер сыйлады.
Шара әрі қарай облыс орталығында жалғасын табатын болады.
Айта кету қажет, қазіргі таңда Байқоңыр қаласы жастарын қолдау мақсатында Қызылорда облысы әкімі мен Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысымен «Байқоңыр қаласының жастарын қолдау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Аталған жоспарға сәйкес қазіргі таңда екі жақты бірлескен нәтижелі шаралар өткізіліп келеді.
Атап айтқанда, кешенді іс-шаралар жоспары аясында облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласында еі тарап өкілдерінің қатысуымен «Жұлдызды қала» облыстық жастар слеті өткізілді. Аталған шара дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын болады.
Сонымен қатар, тәжірибе алмасу мақсатында Байқоңыр қаласындағы Ресей Федерациясының жастарына Сырдың бас шаһарына арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында ең алдымен 40-тан астам Ресей Федерациясының жастары Қармақшы ауданында орналасқан «Қорқыт Ата» мемориалдық кешінемен, 2019 жылдан бері аймақ жастарын әдістемелік сүйемелдеу мен жан-жақты қолдау мақсатында ашылған облыстық «Жастар ресурстық орталығының» жұмысымен танысты.

БӨЛІСУ