Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев кезектілік тәртібімен жазылған 5 тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдап, көкейде жүрген түйткілдерін тыңдады.

Аудан басшысына өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізгендердің басым көпшілігі жол жайын көтерді. Оған қоса жұмыссыздық мәселесін алға тартып, тұрақты жұмысқа орналасу жолын сұрағандар да болды. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан тұрғын үй кезегі және жеке мәселелер айтылды.

Қабылдау барысында аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы әрбір тұрғынның сауалдарын жіті тыңдай отырып, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді. Сонымен қатар көтерілген мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ