Бүгін Қазалы ауданына Солтүстік өңірлерден жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында, ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аймақтық ұтқырлығын ынталандыру үшін Абай, Қостанай және Ұлытау облыстарының жұмысшы тобы келді.

Құрамында Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Надеждинский ауылдық округі әкімі Нұрсұлтан Бақытжанов, Абай облысы, Жарма ауданы, Қарасу ауылдық округі әкімі Асқарбек Құмарбекұлы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, 1 май ауылдық округі әкімі Нұрбол Қосанов, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Берік Әбен, Қостанай облысы, Қостанай ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Эльмира Искакова, Абай облысы, Жарма ауданы «Шар негізгі мектебінің» директоры және Абай облысы, Көкпекті ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Айжан Сайфуллақызы бар.

Ең әуелі аудан басшысы Мұхтар Оразбаевпен кездескен құрам аудан ішінде екі күн бос жұмыс орындардың жәрмеңкесін өткізетіндерін айтты. Мұнан соң олар Р.Бағланова атындағы аудандық Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен жүздесті.

Жиында ақпараттық-түсіндірме жұмыс тобы Солтүстік өңірлердегі бос жұмыс орындары мен ерікті түрде қоныстанушыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы толыққанды ақпараттар ұсынды. Артынша қатысушылар тарапынан түрлі сауалдар қойылды. Оның ішінде басым бөлігі үй мәселесі мен жалақы жайын көтерді.
Айта кетейік, аталған топ бұдан бөлек Қазалы көлік-техникалық колледж студенттерімен, орталық базарға келушілермен кездесті.

Сондай-ақ, Құмжиек ауылдық округіне де ат басын бұратын құрам ертең Қазалы аграрлы-техникалық колледжі, Қазалы қаласындағы Мәдениет үйі және Майдакөл ауылдық округіне барады.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ