Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік сатып алу шарттарынан туындайтын бірқатар мәселелер» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының Құрылыс сапасына және техникалық (авторлық) қадағалау қызметін бақылау бөлімінің басшысы Алматов Ринат Оразалиевич қатысып, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуына хабарлама алу тәртібі тақырыбында баяндама жасады.
Кеңеске облыс бойынша қазынашылық департаментінің, облыстық басқармалардың қызметкерлері, сондай-ақ қала және аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшылары және қала, аудан әкімдіктеріне бағынысты мекемелердің мемлекеттік сатып алуларына жауапты мамандары бейнеселекторлық байланыс арқылы қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы және қазынашылық департаментінің өкілдері мемлекеттік сатып алу шарт жасасуы және орындау тәртібі, шартты қазынашылық органдарына тіркеу тәртібі тақырыптарында хабарлама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар берілді.

БӨЛІСУ