Аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Сәдуақасов Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық және Қоғалыкөл ауылы тұрғындарымен кездесіп, “Ауыл аманаты” жобасының мақсатымен таныстырды.

“Ауыл аманаты” жобасының мақсаты – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік береді. Ауыл тұрғындары төмен пайыздық мөлшерлемемен өз бизнесін дамытуға жеңілдетілген несие ала алады.

Кездесу барысында тұрғындар жобаны өз кәсібін бастауға және шағын кәсіптерін дамытуға берілген мүмкіндік деп бағалады.

Сонымен қатар, кездесу аясында кемел келешегіміздің жалғасы балалар туралы, олардың тәрбиесі, қауіпсіздігі мен жауапкершілік мәселесі де талқыланды.

БӨЛІСУ