Ағымдағы жылдың 3 айында Жалағаш ауданында 30-дан астам отбасылық тұрмыстық құқық бұзушылықтар тіркелді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл – учаскелік полиция инспекторы жұмысындағы басымды бағыттардың бірі. Тәртіп сақшылары келіп түсетін хабарламаларға ден қойып, зорлық-зомбылық фактілері тіркелген отбасылардағы жағдайды бақылауға алады. Тәжірибе көрсеткендей, жаза тартқан бұзушылар жағдайдан қорытынды жасамайды. Мәселен, сәуір айында 41 жастағы Р.Қ есімді аудан тұрғыны тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Сот оның жүріс-тұрысына ерекше талаптар қойып, оған 3 ай бойы алкогольді ішуге тыйым салынған болатын. Алайда, учаскелік инспекторы полиция майоры Р.Сүлейменовпен бөлімнің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Ұ.Ахметова бірігіп тексеріс барысында, аудандық сотпен белгіленген ерекше талапты бұзып, алкоголь ішкені анықталды . Ерекше талаптарды орындамағаны үшін аудандық сотпен ӘқбтК бабына сәйкес 5 АЕК айыппұл салынып, мемлекет пайдасына өндірілді.
Жазасыздық отбасыдағы зорлық-зомбылықтың қайталануына әкеп соғады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары полицияға мына телефондар 8 (72431) 21-1-50 бойынша немесе 87479951669 нөміріне жүгініп, консультация мен көмек ала алады. Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторына немесе «102» арнасына жүгінуге болады.

БӨЛІСУ