Кәмелетке толмағандар ️арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстың орын алуына жол бермеу мақсатында Жалағаш аудандық әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, Жалағаш ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Е.Абдраманов, Жалағаш аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Қожаниязовтың қатысуымен 203, 124, 232, 38 орта мектептерді аралап, оқушылармен (ер балалар) арасында еркін форматта кездесу жиын өткізілді.

Кездесу барысында оқушыларға түнгі сағат 22.00 –ден кейін компьютерлік клубта отыруға және 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынғандығы ескертіліп, әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау және заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, заңды білмеу, оны бұзу – жауапкершіліктен құтқармайтынын ескертіп, оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасып жыйын жоғары деңгейде өткізілді.

БӨЛІСУ