Қазалы ауданының спортшылары спорттың қай түрінен болмасын өзгелерден оза шауып, оқ бойы озып келеді. Соның дәлелі ретінде 09-10 сәуір күндері аралығында Астана қаласында ересектер арасында грек-рим күресінен Азия чемпионатынан олжалы қайтқан Олжас Сырлыбайды айта аламыз.

Бозкілем батырлардың айқасында №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіндегі грек-рим күресінің палуаны, жерлесіміз – Олжас Сырлыбай 97 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола жүлдені қанжығасына байлады.

Нақтыласақ, үшінші орын үшін белдескен мақтанышымыз Үндістан палуаны Narinder Cheеma-ны 4:1 есебімен жеңіп, қоржынын тағы да жүлдеге толтырды.

Жерлесімізді жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз!

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ