Жақында кент жұртшылығы асыға күткен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Осы орайда кент әкімі Семсер Зұлпыхарұлы еңбек ардагерлерімен бірге аталған нысанның құрылысы барысымен танысып қайтты.

Құрылысы енді басталған заманауи талаптарға сай спорт кешенінде кентіміздің жас спортшылары оннан аса спорт түрінен жаттығатын болады.
Кешеннің құрылысына бюджеттен 463,8 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Құрылыс жұмыстарына жауапты «Интегрострой» ЖШС жоспар бойынша спорттық нысанды 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға бермек.

Кенттің спорттағы жетістіктеріне қанық ақсақалдар жаңа кейіптегі спорт кешенінен көптеген чемпиондар шықсын деген тілектерін білдірді.

БӨЛІСУ