Қазалылық қайсар қыздың жеңісті жорығы Жетісу облысы, Талдықорған қаласында жалғасты. Ол бүгін ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы ҚР чемпионатында бірінші орын иеленіп, алтын жүлдені қанжығасына байлады.

Нақтыласақ, №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы 64 келі салмақ дәрежесі бойынша жұлқа көтеруде 81 келіні бағындырса, серпе көтеруде 90 келіні бастан асырды.

Айта кетейік, Таисия наурыз айының соңында Албания елінің Дуррес қаласында ауыр атлетикадан өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында 64 келі салмақ дәрежесі бойынша күміс жүлдегер атанған еді.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ