Астанада Азия чемпионатының ашылу салтанаты Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді – ОКҚ брифингі.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Қазақстан күрес федерациясының бас хатшысы Димаш Сұлтанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жарыстың ашылу салтанаты 9 сәуірде сағат 17.00-де өтеді.
Грек-рим күресінен олар Нұрсұлтан Тұрсынов, Демеу Жадыраев, Алматы Кебіспаев, еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков. Әйелдер күресінде Жәмила Бақбергеновадан, Эльмира Сыздықовадан үміт күтіліп отыр. Сондай-ақ, грек-рим күресінен Моңғолиядағы Азия чемпионатында жеңіске жеткен Әлімхан Сыздықов қазіргі Азия чемпионы атағын қорғайтын болады.
«Бүгінгі таңда спортшылар, командалар өкілдері, халықаралық күрес федерациясы өкілдері келе басталды», – деп түйіндеді спикер қазақстандықтарды спортшыларды қолдауға шақыра отырып.
Бұл жарысқа Азия құрлығының 24 мемлекетінен 300-ге жуық спортшының қатысуы жоспарланып отыр.
«Осы қатысушылар арасында 7 Олимпиада ойындарының жүлдегері, 5 Әлем чемпионатының жеңімпазы бар. Сондықтан бұл дүбірлі дода болайын деп тұр. Негізі Азия чемпионаты лицензиялық емес, бірақ Азия ойындары мен Әлем чемпионатының алдындағы негізгі жарыстардың бірі», – деді А. Бектенова.
Бұл жарысқа қатысатын қазақстандық спортшыларға келсек, ел намысын үш күрес түрінен 30 спортшы қорғайды. Олардың орташа жасы грек-рим күресінен 29 жасты, әйелдер күресінен 25 жасты, ал еркін күрестен 24 жасты құрайтынын айтты спорт саласының өкілі.
«Күрес түрлерінен ең тәжірибелі спортшыларымыз Алмат Кебіспаев, Елена Шалыгина қатысады. Азия чемпионатында бірінші орын алған спортшыға 2300 доллар, екінші орын алғанға 1400 доллар, үшінші орын алған спортшыға 900 доллар сыйақы қарастырылған. Осындай сыйақы жаттықтырушыларына да берілмек. Сонымен қатар, «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» деген атақ қарастырылған», – деді комитет басшысының орынбасары.