Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс 32 сессиясы өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов төрағалық етті. Сессия отырысына облыстық мәслихат депутаттары, облыс әкімі аппаратының басшысы Ә.Мұхамедияров және тиісті басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде:
1)«Қызылорда облысын басқару схемасын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 15 сәуірдегі №95 шешіміне өзгеріс енгізу;
2)«Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 3 қазандағы
№ 121 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3) «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне инфрақұрылымдық қолдау көрсету мәселелерін қарау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесін құру туралы» 3 мәселе қаралды.
Сессия алдында өткен бірлескен отырыста жан-жақты талқыланған мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, тиісті шешімдер қабылданды.

БӨЛІСУ