«Заң және тәртіп» апталығы аясында «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Заң және тәртіп» айлығын өткізу жоспарына сәйкес, Қызылорда облысының Полиция Департаменті Күзет қызметін бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен кеңейтілген көлемде «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Негізінен, Қызылорда ОПД Күзет қызметін бақылау бөлімі жеке күзет ұйымдарына, басшылар мен күзетшілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарына және күзет дабылы құралдарын монтаждауды жүзеге асыратын адамдарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Бүгінгі күні Қызылорда облысы көлемінде жеке күзетпен 6116-объектілердің 804-і жеке күзетпен, 5312 объектісін орталықтандырылған бақылау торабымен күзетілуде.
Ұйымдастырылған «Ашық есік күні» іс-шарасы барысында полиция қызметімен жеке күзет ұйымдарының өкілеттіліктерін, полицияға деген сенімділікті арттыру, сондай-ақ, полиция қызметімен жеке күзет қызметінің рөлін, тиімділігін, көрсетумен бірге, ынтымақтастықтың маңыздылығын жеке және заңды тұлғаларға, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдеріне кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында іс-шара қонақтары мен қатысушыларына жеке күзет ұйымдарының қызметін, күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының талаптарын, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптарын, олардың өз міндеттерін орындау кезінде полиция бөлімшелерімен өзара іс-қимылы туралы, күзет ұйымдарының арнаулы құрал-жабдықтарын, жаңа заманауи технологияларға сай қорғаныс дабыл сигналды құралдарын, күзет-дабыл қондырғылары мен бейнебақылау камералары бойынша тиісті мамандармен толық мәліметтер берілді.
Сонымен қатар, азаматтардың сұрақтарына полиция қызметкерлерімен заң аясында толыққанды жауаптар берілді.
Қазіргі таңда, жеке күзет ұйымдарының қызметі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында маңыздылығы артып, оларға сұраныстың өсуі нысан қауіпсіздіктеріне өз тиімділігін көрсетуде және жеке күзет ұйымдары, құқықық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлескен іс-қимылдары нәтижесінде, қауіпсіз қоғам орнатуда.
Жеке күзет ұйымдары күзетке алынған объектілерде қазіргі заманауи жаңа қауіпсіздік қондырғыларын, бейнебақылау камераларын басқа да қауіптіліктің алдын алуға арналған заманауи қондырғыларды кеңінен қолдануда.
Осы орайда «Сақтансаң сақтаймын», «Көршінді ұры тұтпа, өзіне бекем бол» – дегендей әрбір мекеме мен кәсіпорын басшылары ғимараттарының ішкі, сыртқы қауіпсіздігін нығайтуға баса назар аударып, қазіргі жаңа заманауи қауіпсіздік қондырғыларды орнатып, күзетке беру шараларын қабылдауға шақырамыз.
Яғни, қандай да бір құқық бұзушылықты болдырмау бағытында тиісті жұмыстар жүргізу, барлық азаматтардың ортақ міндеттері деп санаймын.
Алдағы уақытта да осы бағытта іс-шаралар жалғасын тауып, жеке күзет қызметінің сапасын жақсарту, тиімділігін арттыру мақсатында полиция қызметкерлерімен бірлескен жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.

БӨЛІСУ