Агенттікпен «Мемлекеттік қызметшілердің оң бейнесін қалыптастыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік кеңесші органы құрылып, ережесі бекітілген болатын.

Кеңес құрамына мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар бойы мінсіз қызмет атқарып, құрметті еңбек демалысындағы ардагерлер енді.
Бүгін, яғни 2025 жылдың 25 маусымы күні Кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, мемлекеттік органдарға жаңадан тағайындалған мемлекеттік органдар басшыларының жоспарлары мен алдағы міндеттері тыңдалып, өңірдегі мемлекеттік орган басшылары кадр тұрақтылығын сақтау, меритократия қағидасын басты назарда ұстау туралы әдістемелік ұсыныстар берілді.
Кеңес соңында ағымдағы жылдың 5 мамыр – 10 маусым аралығында өткізілген «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» өңірлік конкурсының жеңімпаздары марапатталды.
Олар:
«Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» өңірлік байқауының жүлделі 1 орын иегері Қасымова Жанар Исмаилбекқызы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Бірыңғай байланыс орталығының бас маманы;
«Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» өңірлік байқауының жүлделі 2 орын иегері Будикова Куляйхан Молдашевна – «Қызылорда қаласының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы;
«Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» өңірлік байқауының жүлделі 3 орын иегері Маденов Серікболсын Бекболатұлы – «Қармақшы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы.
«Сервистік қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» өңірлік байқауының жүлделі
1 орын иегері Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.
«Сервистік қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» өңірлік байқауының жүлделі
2 орын иегері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Қызылорда қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі.
Сонымен бірге, «Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубы мүшелерімен пікірлесу ұйымдастырылып, алдағы жоспарларына Кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар айтылды.

БӨЛІСУ