М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер, судья және сот қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. 

Ел бірлігі мен тыныштығын қамтамасыз етіп, халық игілігіне қалтқысыз қызмет етіп жүрген сала өкілдеріне арналған бұл күн – шынайы құрмет пен алғысқа толы болды.
Салтанатты жиын Мемлекеттік Гимнмен ашылып, мемлекеттік қызметке жаңа қадам басқан бірнеше жас мемлекеттік қызметшілер ресми түрде ант қабылдады.

Мерекелік жиында аудан әкімі Мажит Самитов құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметші мен сот қызметкерлерінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап ететіндігін, олардың адамгершілігі мен моралдық-этикалық келбетіне де ерекше мән берілетіндігін атап өтті.
– Алаштың арысы Әлиxан Бөкейxанов айтқандай, “Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден” демекші, білімді де, мінезді, қарапайым қалыптарыңызбен xалыққа қалтқысыз қызмет жасап, елдің ыстық ықыласы мен алғысына, құрметіне бөлене беріңіздер! – деді аудан басшысы.

Шара барысында аудан басшысы ауданның әлеуметтік экономикасына сүбелі үлесін қосып жүрген мемлекеттік қызметшілерді және бірқатар мемлекеттік қызметшілердің аналарын, сот қызметкерлерін марапаттады.

Салтанатты шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен өз жалғасын тапты.

БӨЛІСУ