Бүгін қалалық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа кеңес мүшелері және қала әкімінің орынбасары Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы, Табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры Шаймахан Нұржігіт Нұржанұлы, тиісті қалалық дербес бөлім басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қоғамдық кеңестің бүгінгі отырысының қарауына төрт мәселе ұсынылып қаралды:
1. «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарының барысы туралы».
2. «Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды немесе пайдалы қатты қазбаларды жерасты тәсілімен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге келісім беру туралы».
3. «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша» және 2025 жылдың 6 айындағы атқарылған жұмыстары туралы.
4. «Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша» және 2025 жылдың 6 айындағы атқарылған жұмыстары туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Бердаулетовтың, «Қала инфрақұрылымы, энергетика, ауылшаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі комиссияның» төрағасы М.Кәрімбаевтың, қалалық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысы М.Әжібековтың, тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы А.Рысбектің хабарламалары тыңдалынды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелерге байланысты, қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар білдірді. Көтерілген ұсыныс-пікірлер, кеңестің хаттамасына енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданатын болады.

БӨЛІСУ