Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев және Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Даулетбаевамен бірге “Тең қоғам мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы” Қызылорда облысындағы мүгедектігі бар азаматтарымен кездесті.
Кездесу барысында Өкіл қоғам мүшелерінің әлеуметтік жағдайларымен, құқықтарының қорғалуы мен қоғам тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың деңгейімен танысты. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көтерген мәселелері мен ұсыныстары тыңдалып, олардың құқықтарын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтар көмекшілеріне экологиялық үстемеақының төленуі, көмекшілердің санаторлық-курорттық емдеу кезінде алып жүріп барғаны үшін қосымша ақы тағайындалуы, тұрғын үймен қамту және өзге де әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Өкіл мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам өміріне белсенді араласуы үшін жағдай жасау – адам құқықтарын қорғаудың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ, кездесу соңында Өкіл азаматтарды жеке қабылдады.