Бүгін ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы мен облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов ауданға арнайы іссапармен келіп, Руханият орталығының жұмысымен танысты.

 Орталықта орналасқан аудандық музейдің экспозициялық залдарын аралап көріп, ондағы құнды жәдігерлер мен өңір тарихына қатысты деректерге ерекше назар аударды.

 Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш өңірінде мәдени-рухани бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде атап өтіп, музей қызметін жандандыру бағытындағы жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар, болашақта руханият саласына серпін беретін жобалар мен ұсыныстар да ортаға салынды.

 ҚР Ұлттық музейі басшысы аудандағы Руханият орталығының, аудандық музей қызметінің жұмысын оң бағалап, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.

@Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ