Облыс аумағында салынып жатқан құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс аумағындағы құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Қалиев Ғанижан Піртазаұлы басқарма қызметкерлерімен бірге Арал ауданы, Аманөткел ауылында салынып жатқан клуб құрылысына, Аманөткел-Бөген жолын күрделі жөндеу, Арал қаласында салынып жатқан 25 орындық инфекциялық қосымша бөлімше, Аурухана жанынан қосымша корпус құрылыстарына, күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан теміржол вокзалы мен №14 мектеп нысандарына, құрылысы аяқталуға жақындаған Қамқорлық орталығы мен Руханият орталығы құрылыстарына және пайдалануға берілген теміржол көпіріне мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында, мердігер мекемелерге құрылысты бекітілген кестеге сәйкес жүргізілу керектігін және техникалық, авторлық қадағалаушыларға құрылыс объектілеріне бақылауды күшейту керектігін ескертті.