Кейінгі кезде «болашақта ауыз су тапшылығы болуы мүмкін» деген болжам жиі айтылып жүр. Оның шындыққа айнала бастағаны сонша, бұл мәселе әлем көпбасшылары бас қосқан алқалы жиындардың басты тақырыбының біріне айналды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, әлем халқының жартысына жуығы су тапшылығын сезінеді, 780 миллионнан астам адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр,1,7 миллиард адам тұщы су көздеріне зәру.

Деректерге бойнша, Қазақстан қазір ауыз су тарифінің арзандығы бойынша 90 елдің ішінен 3-орында тұр. Ал бір адамға кететін шығыны бойынша алғашқы ондықта. Мамандардың пайымынша, тіршілік нәрін үнемдеу мәселесі назарға алынбаса, 2030 жылға қарай елдегі су тапшылығының көрсеткіші 15% жетуі мүмкін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте су үнемдеу проблемасына да ерекше тоқталып өткен еді. «Суды үнемдеп тұтынуымыз керек. Мен су тапшылығының артып жатқанын ұдайы айтып жүрмін. Сарапшылардың пайымдауынша, 2040 жылға қарай суға деген сұраныс 50 пайызға артады. Қазақстан 2050 жылға қарай «Суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін», – деген болатын.

Шыны керек, біз ауыз суды есепсіз, ысырап етіп пайдаланамыз. «Бұлай жалғаса берсе, ауыз су тапшылығынан зардап шегеміз» дегендабыл қаққан ғалымдарды да, мамандарды да елең қылмаймыз. Қалай айтқанда да, су қадірін әлі түсіне қоймадық.

Қазіргі уақытта ауыз су пайдалануға деген көзқарасымыз қандай? Әзірге үнемдеу ойымызға кіріп те шықпайды. Жарты сағат су ақпай қалса, әлеуметтік желіні шулатып,мекеме табалдырығын тоздырамыз. Судың қадірін де, қасиетін де сезінетін кез келді. Біз әлі де телегей-теңіз, есепсіз пайдаланып жатырмыз. Мәселен, күн сайын көлік жууға, жаз болса, есік алдындағы бақшаға ауызсудыағызып қоямыз. Ендігі кезекте ауыз судыүнемдеп, жанашырлық білдіргеніміз жөн.Қазақта «Судың да сұрауы бар» дейді, судантаршылық көрген елдерден сабақ алғанымыз жөн.

«Қызылорда су жүйесі» кәсіпорны – тұтынушыларға ауыз суды жеткізіп беруші, сарқынды суды бұру және тазарту қызметтерімен айналысатын табиғи монополия субъектісі.

Өткен 2024 жылы Кәсіпорын ауыз су 18 010,0 мың текше метр өндірді, оның 16,66 % (3 748,6 мың текше метр) нормативті техникалық шығындар, сонымен қатар  7 582,1мың текше метр  кәріз  су қабылданды.

Таратылған ауыз су көлемінің 10 954,6 мың текше метрін халық, 333,2 мың текше метрін жылу энергиясы саласындағы кәсіпорындар, 1 442 мың текше метрін бюджеттік мекемелер, 2 279,2 мың текше метрін тұтынушылардың басқа топтары пайдаланды.

Айта кету керек, физикалық қасиетіне сәйкес судың бір текше метрі ол бір мың литр су, яғни бір тонна дегеніміз.

Қазір мамандар суды үнемдеудің бірнеше жолын ұсынып отыр. Тұтынушылардың суға, суаруға, ауыз суға ұқыпты қатынасын қалыптастыруға әсер ететін факторлардың ең негізгісі – тариф. Тұрғындардың тұрмысына да, көңіл күйіне де әсер ететін бұл мәселеде монополия субъектісі бір жақ, тұтынушы бір жақ болып түсіністікке келе алмай жатады.

Мекемеге тұтынушылардан түскен ақшаға тиісті құрал-жабдықтан бастап  ұсақ-түйеккке дейін сатып алынады. Жүйеде жиі кездесетін апаттар барлығының сақадай сай болғанын талап етеді. Соңғы бес жылда тауарлар мен қызметтердің қаншалықты қымбаттағаны белгілі. Ауыз суды бұдан әрі ескі бағамен ұстап отыру күннен күнге қиындап барады.

Себебі, 2020-2024 жылдарға орташа тариф 62,70 – 82,58 теңге аралығында бекітілгеннен, 2023-2024 жылдары кәсіпорын 63,48 теңге орташа тарифпен жұмыс жасады.

Яғни Кәсіпорынның кірістілмеген шығыны ұлғайюда, соның салдарынан қызметкерлер жалақысын көтерілуіне, тиісті құрал-жабдықтарсатып алуына, тауар жеткізушелерге тиісті төлем жасауына әсер етіп отыр.

Нарық ырыққа көнбей тұрған уақытта мекеме 5 жыл бойы ескі тарифпен жұмыс жасап келді. Басқа облыстардың су тарифін қымбаттатып жібергені қашшан.

Шикiзат және материалдар, энергия, отын, жанар жағар май, реагент, сұйық хлордың, тағы басқа қажеттіліктердің бағасы қымбаттаған.

         Еңбекті қорғау, қауіпсіздік және арнайы киім мен тамақ, қызметкерлерді, көліктерді және экологиялық сақтандыру шығындары да өскен.

Су көтеру ұңғымаларын және кәріз су нысандарын күрделі жөндеуден өткізу, жарамсыз ұңғымалардың қоршаған ортаға кері әсерін болдырмау және жер қойнауын күтіп ұстау үшін жою жұмыстарын жүргізу қажет.

Кез келген тарифтің өсуін тұтынушылар ауыр қабылдайтыны белгілі. Бұл бір күндік шешім емес, әбден сараптан өткен соң қабылданып отыр.

Соның өзінде, Қызылорда қаласындағы су беру мен бұру қызметіне тарифы басқа өңірлер мен қалалар арасында алдыңғы орындарда емес.

Еліміздің басқа өңірлермен халыққа ауыз су мен су бұру салыстырма таблицасы:

(ҚҚС-мен)

«Қызылорда су жүйесі»

77,75

75,48

Өзге қалалар

Халыққа

Суды тарату

Сарқынды суды бұру

“Қарағанды су” Қарағанды қ

180,0

132%

234,8

211%

Aqtobe su-energy group” Ақтобе қ

154,5

99%

99,2

31%

«Атырау облысыСу Арнасы» Атырау қ

123,2

58%

66,8

-11%

“Қостанай су“ Қостанай қ

114,1

47%

98,8

31%

“Водные ресурсы маркетинг” Шымкент қ

106,2

37%

61,1

-19%

“Қызылжар су” Петропавл қ

94,3

21%

87,4

16%

“Павлодар Водоканал” Павлодар қ  

85,8

10%

38,6

-49%

“Өскемен водоканал“ Өскемен қ

82,1

6%

87,1

15%

«Семей Водоканал» Семей қ

79,5

2%

67,2

-11%

«Жетісу су құбыры» Талдықорған қ

76,1

-2%

85,1

13%

«Астана су арнасы» Астана қ

105,71

36%

89,19

18%

«Алматы су» Алматы қ

103

32%

60,82

-19%

«Батыс Су Арнасы» Орал қ

69,9

-10%

75,3

0%

Горводоканал» Екібастұз қ

185,82

139%

72,43

-4%

«Степногорск-водоканал» Степногорск қ

194,3

150%

83,14

10%

«Түркістан-Су» Туркестан қ

62,0

-20%

60,6

-20%

«Каспий жылу, су арнасы» Ақтау қ

343,9

342%

80,9

7%

Сондықтан, Кәсіпорын Ұлттық экономика министрінің 2019 жылдың 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» ережені басшылыққа ала отырып, Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментіне жаңадан тарифтертердің жобасын ұсынды.

Айтылған ескертулер мен ұсыныстар ескеріліп, өтінімдер мұқият талданған соң департамент түпкілікті шешім қабылдап, 20 наурыз 2025 ж № 9-НҚ бұйрығымен 2025-2030 жылдар аралығындағы ұзақ мерзімді тарифтер бекітілді.

Атап айтсақ, ауыз су жабдықтау және сарқынды суды бұру реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф тұтынушыларға 3 топ бойынша сараланды.

теңге/м³                  

№ п/п

Қызмет/тұтынушы атаулары

2020-2024 жж.

2025 ж.

айырмасы %

ҚҚС-сыз
тарифі

ҚҚС-мен тарифі(12%)

ҚҚС-сыз
тарифі

ҚҚС-мен тарифі(12%)

1

2

4

5

6

7

8

I

Суды таратушы желілерарқылы беру қызметі
Орташа тариф

63,48

71,10

92,56

103,67

45,8

Халыққа

43,79

49,04

69,42

77,75

58,5

1 топ 1адамға 3 мз дейін

69,42

77,75

2 топ 1 адамға 3 м3-5 м3

83,30

93,30

3 топ 1 адамға 5 м3-10 м3

104,13

116,66

4 топ 1 адамға 10 м3 артық

138,84

155,50

Жылу энергетика саласындағыкәсіпорындарға

63,43

71,04

69,42

103,67

9,4

Бюджеттік мекемелерге

92,22

103,29

174,74

212,37

89,5

Тұтұнушылардың басқатоптарына

128,23

143,62

174,74

212,37

36,3

II

Сарқынды суды бұру жәнетазарту қызметі
Орташа тариф

71,85

80,47

124,72

139,69

73,5

Халыққа

46,16

51,70

67,39

75,48

53,9

Жылу энергетика саласындағыкәсіпорындарға

73,47

82,29

124,72

139,69

69,8

Бюджеттік мекемелерге

113,34

126,94

209,65

234,81

84,9

Тұтұнушылардың басқатоптарына

123,35

138,15

209,65

234,81

70

    Ауыз судың тарифі  халыққа осы уақытқа дейін 49,04 теңге 1 текше метрге болса, енді 77,8  теңге болды, яғни 58,5 пайызға ұлғайды.Бұл дегеніміз — 1 литр су шамамен 8 тиын(0,0778 теңге) тұрады.

      Мысалы, әр адамға айына 3 м³ (3000 литр) су тұтыну нормасы белгіленген. Егер сіз осы көлемнен артық су пайдалансаңыз, нормадан асқан бөлігіне бөлек (жоғарырақ) тарифпен есептеледі.

     Сарқынды судың тарифі 1 текше метрге 51,7 теңге болса, енді 75,5  теңге болды, яғни 53,9 пайызға ұлғайды.

    Ережеге сәйкес тариф тұтынушылар топтары бойынша сараланып қолданысқа енгізілді.  

БӨЛІСУ