Бүгін Жаңақорған кенті, “Алпамыс” спорт кешенінде 23 маусым – Қазақстан Республикасының полиция күні мерекесіне орай волейболдан аудандық ашық турнир басталды.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Мажит Самитов, аудан прокуроры Дабыл Аянұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Ибраев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов қатысты.
Өз кезегінде аудан әкімі Мажит Самитов құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, тәртіп сақшылары арасындағы тартысты бәсекенің ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Турнирге аудандық полиция бөлімі, аудандық өрт сөндіру, аудандық емхана, аудан әкімдігі, аудандық полиция бөлімінің ардагерлері, орман шаруашылығы және Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен құрылған командалар қатысуда.