2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 430 тексеру жүргізді, оның 201-і жоспардан тыс, 99 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 130 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 192 ұйғарым берілді, 28,8 млн теңгеден астам сомаға 341 айыппұл салынды.

Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 17, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 86, мемлекеттік мекемелер – 47, балабақшалар – 16, мектептер – 52, колледждер, лицейлер – 9, ауруханалар, емханалар – 21, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 18, автобус парктері, авто/темір жол вокзалдары, әуежайлар – 33, ДК – 18, дүкендер – 34, сауда үйлері – 5, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 11, полиция пункті – 1, стоматология – 5, кітапхана – 1, мәдениет үйлері – 7, мұрағаттар мен мұражайлар – 2, санаторийлер – 3, пошта қызметі бөлімшесі – 2, спорт мектептері – 10, нотариус – 1, банктер – 6, оңалту орталықтары – 2, өзге де 23 объекті қамтылды.

Осылайша, ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті жеке тұлғаның өтініші негізінде “Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы” ММ-не комиссияның қабылдау тәртібін сақтауы және Әлеуметтік қызметтер порталында жеткізушілерді тіркеу және тіркеуден шығару сұрақтары бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша субъектіге ұйғарым шығарылды.

Бұл ретте әлеуметтік инспекторлардың айтуынша барлық өңірлерде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеудегі оң өзгерістер бар. Мұны ерекше қажеттіліктері бар адамдар да растайды.

«Мәселен, №3 және №4 қалалық емханалардың аумағында мүгедектерге арналған көліктер тұрағы бар, ал кіреберіс пандустармен жабдықталған. Емхана ғимараттарының кіреберісіне көзі нашар көретіндер үшін мнемосхемалар, ғимараттардың өзінде тактильді жолақтар және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған санитарлық-тұрмыстық бөлмелер қарастырылған. «Баянтау» спорт сарайы, «Автомобилист» спорт кешені, «Olimpic» бассейні, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған спорт нысандары», – деп бөлісті Павлодар қаласының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедек Юлия Петрусева.

Бүгінгі күнге Қызылордада  32 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тіркеуге қойылған. Оның ішінде кәмелет жасқа толмаған 6165 бала бар. Көмекке көбірек мұқтаж, яғни I топтағы 3800, II топтағы 10454 және III топтағы 12063 адамға тиісті жәрдем көрсетіліп келеді.

Мүгедектігі бар адамдар абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, оңалтудың техникалық және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, санаторлық-курорттық жолдамамен, протездік-ортопедиялық құралдармен, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметімен толықтай қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 20 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдардың 16365-і оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді. Бұл бағыттағы жұмыстың орындалуы бойынша облыс еліміз бойынша алдыңғы орындарда келеді.

БӨЛІСУ