Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменовтің бастамасымен аудандық құқық қорғау органдары, білім бөлімі, Жалағаш индустриалды-аграрлық колледж және жалпы білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен бірлескен профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Шара аясында мектеп оқушылары және колледж студенттері аудандық полиция бөлімінің қызметімен танысып, құқық қорғау саласындағы маңызды ақпараттармен қамтылды. Сонымен қатар, жасөспірімдер Жалағаш ауданы аумағында орнатылатын 72 бейнебақылау камерасының жұмыс істеу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңыздылығынан мәлімет алды.
Аталған іс-шара жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, құқық бұзушылықтың алдын алуға септігін тигізеді.