Қазіргі таңда балалардың жазғы демалысын үйлестіру бағытындағы тиісті ұйымдастыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Атап айтқанда, биылғы жазғы демалыс кезеңінде 54663 оқушыны немесе 99,3%білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жоспарлануда.
Оның ішінде, 26 мамыр мен 6 маусым аралығында мектеп жанынан жұмыс жасайтын 55 жазғы тынығу лагеріндетамақпен 2480 оқушы, тамақсыз 13456оқушы демалды. (5936)
Аймақтағы қала сыртында орналасқан Талды су лагерінде 27 маусымнан бастап1588 бала 5 аусымда демалыспен қамтылады.
Бұдан бөлек, «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен Түркістан облысы, Төле би ауданы, Біркөлік елді мекеніндегі «Қуаныш» лагерінде 200 оқушы, демеушілер мен кәсіподақтар есебіненжобамен 200ден аса оқушы тынығатын болады.
Оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
25 қаңтардағы №64-ші қаулысына сәйкес негізгі 5 санат бойынша балалар қамтылатын болады.
Ақпарат ретінде: – Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар; – Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
– Отбасыларда тұратын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
– Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар;
– Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрб0иеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.
|
Бұл мақсатқа бюджеттен 55 млн. 580мың теңге қаражат қаралды.
Сонымен қатар:
Білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушыларын өңірдегі
18 колледждің (8 мемлекеттік, 10 жеке)материалдық – техникалық базасымен таныстыру, жұмысшы құзіреттілігі туралы жан-жақты кәсіби бағдар беру, олардың қызығушылығын арттыру бағытында шаралар қабылданады.
Мектеп, колледждерден бөлек, қалааумағындағы қосымша білім беру ұйымдарында да (оқушылар сарайы, өнер мектептері) жазғы лагерьлер жұмыс жасайтын болады.
Биылғы жылы да жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарды өз деңгейінде үйлестіретін боламыз.