Қызылорда қаласы әкімдігі мен “Байқоңыр” ӘКК” АҚ ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері мен кәсіпкерлердің қатысуымен Тағзым алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.

Жәрмеңкеге тұрақтандыру қорының өнімдері мен жергілікті ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері және корпорацияның серіктестерінің көкөніс, ет, күріш, ұн және тағы басқа да өнімдері төмен бағада ұсынылуда.

Сондай-ақ, жылқы, сиыр, қой еті тауарөндірушілердің бағасымен сатылуда.

БӨЛІСУ