Балалар мен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілуде.
Қала әкімдігі жанынан құрылған жедел топ қалалық қоғамдық даму, білім бөлімдері, ювеналды полиция және БАҚ өкілдері қала аумағындағы ойын-сауық орталықтарында түнгі уақыттарда рейдтер ұйымдастыруда.
Бұл шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің беймезгіл уақытта ата-аналарынсыз жүруінің алдын алу, қауіпсіз орта қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу.
Кеше рейд барысында баласына дұрыс бақылау жасамаған 31 ата-анаға әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, шара көрілді.
Жастардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!