Ұлытау облысында «AMANAT» партиясы жанындағы партиялық бақылау Комитетінің көшпелі отырысы өтті. Партияның «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі өңірлік Жол картасын іске асыру барысы талқыланған жиынға бейнебайланыс режиім арқылы барлық облыстар қосылды. Сыр өңірінен партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы және арнайы облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, сонымен қатар жауапты сала мамандары қатысты.

Жалпы өңірде 2025 жылға жоспарланған Жол картаның 110 тармағының бүгінгі күні 17 орындалды. 81,8 пайызы орындалу сатысында. Атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсек, Қармақшы ауданының ІІІ-Интернационал және Дүр Оңғар ауылдарында спорт кешендері салынды. «Жер аманаты» жобасы бойынша биылға жоспарланған 60,0 мың гектардың бүгінге 33,4 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылды. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5 млрд. теңгеге 376 жоба несиелендірілді. Қала мен аудандарда 6 «Жайлы мектеп” пайдалануға берілді. 2 елді мекен газбен қамтамасыз етіліп, 3,7 мың адам көгілдір отын игілігін көре бастады.

Жол карта аясындағы жұмыстар жыл соңына дейін жалғаса беретін болады.

БӨЛІСУ