️Қазалы ауданында әлеуметтік қолдау жүйесін цифрландыруға арналған оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі жобалық кеңсенің» басшысы Сағындық Фарида, сондай-ақ әлеуметтік қолдау шараларын цифрлық форматқа көшіру бағытындағы пилоттық жобаны іске асырып жатқан жобалық топ мүшелері қатысты.
Семинарға арнайы жұмыс сапарымен келген топ құрамында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мыңбаев Азамат қатысты.
Семинарды Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Алиев Жәнібек Алмасұлы ашып, жүргізіп отырды. Оқыту жұмыстарына Қазалы аудандық полиция бөлімі, аудандық орталық аурухана мен емхана қызметкерлері, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, әлеуметтік педагогтар, кент, қала және ауыл округі әкімдері, Мәдениет және Спорт бөлімдері мен аудандық «Отбасын қолдау орталығының” мамандары қатысты.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен енгізіліп жатқан FSM Social ақпараттық жүйесі және Socium автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ААЖ) туралы кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл цифрлық платформалар мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудегі процестерді автоматтандыруға, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын тиімді етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мобильді қосымшалар адами факторды азайтып, шешімдердің дұрыстығын арттырып, мамандардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған.