2025 жылдың басынан бері 247,6 мың азамат, оның ішінде 39,4 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі – Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 791,3 мың қазақстандық тіркелген, оның 292,6мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 658,5 мың адам оқудан өтті.
Оқудан өткен 39,4 мың жұмыссыз азаматтың 10,4 мыңға жуығы негізінен Түркістан, Алматы, Қостанай облыстарының және Шымкент қаланың жастары.
Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 1 000-н астам курс жариялады, оның 332-ы тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.
Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.
Мамыр айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Твой карьерный старт: как использовать «Электронную биржу труда», «Построение отдела продаж в отеле», «Motion design» және «Страховой агент».
Платформада білім беру және тәрбиелеу, әлеуметтік қызмет көрсету және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.
Бұдан бұрын хабарлағандай, Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.
Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.
Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдайды, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.
Білім алушы үшін артықшылықтар: кеңейтілген курстарды іздеу, сабақтың түсінікті құрылымы, оқу процесін бақылау және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесу. Пайдаланушылар үшін жасанды интеллект көмегімен чат-бот қол жетімді, ол жылдам іздеуді және қызығушылық тудыратын сұрақтарға жауап алуды қамтамасыз етеді.
Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – білім алушы тарапынан курсты бағалау. Сертификатты жүктеу кезінде игерген дағдылар бойынша Enbek.kz-те бос жұмыс орындарының ұсыныстары қосылды.
Алынған сертификат Enbek.kz-те тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.
Авторлар мен әзірлеушілерге арналған платформада онлайн курстарды орналастыру тегін. Курстар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылуы мүмкін, ақпарат берудің әртүрлі форматтары: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа түрлері болуға тиіс. Платформа ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін болжайды.
Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастырушы, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарауға қолжетімді, сертификаттардың әртүрлі дизайны көзделген, сондай-ақ оқу құнын алдын ала есептеуге арналған онлайн-калькулятор бар.
Қызылорда қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтардан жұмыс іздеуші ретінде хабарласқаны – 92, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқаны – 80 (квота бойынша – 49), қоғамдық жұмысқа тартылғаны – 11, күміс жас жобасына – 1, Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны – 12. Skills.enbek.kz платформасы арқылы оқығаны-0.
Бүгінгі күнге мүгедектігі бар азаматтар қатарынан тұрақты жұмысқа орналасқаны – 18, қоғамдық жұмысқа тартылғаны – 327, жастар тәжірибесіне жолданғаны – 3, «Күміс жас» жобасына тартылғаны – 10, «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқуға 63 адам жолданып, 47-і оқу курсын аяқтады.
2025 жылға мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту мақсатында мекемелердегі жұмыскерлердің тізімдік санына қарай 2-ден 4 пайызға дейінгі мөлшерде 25 мекемеге 28 жұмыс орнына квота бекітіліп, 15 мекемеге 17 азамат (60,7%) тұрақты жұмысқа орналасты.