Жасөспірімдер ісімен айналысатын полицей 17 жастағы қызды жеткізіп тастамақ болғаны үшін жұмыстан қуылды.

Оқиға Алматы облысында болған. Полицейлер 17 жастағы қызды аялдамада тоқтатып, оны қызметтік көлікпен жеткізіп салуды ұсынған. Мұны депутат Нұрлан Байғазиев байқап, видеоға түсірген. Сосын жанына барған. Қыз полицейлердің “Саяхатқа дейін апарамыз” деп айтқанын, бірақ не мақсатта екенін түсінбегенін жеткізген. Ал полиция қызметкерлері қызға мүлде ұсыныс жасамағанын айтқан. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бір қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылды. Екіншісі қызметінен босатылды. Олардың басшыларына да тәртіптік шара қолданылыпты.

БӨЛІСУ