Поезда босанған әйел сәбиін терезеден лақтырып кеткен .
Оқиға 20 сәуірде Қызылорда – Астана бағытындағы пойызда болған.
Куәгерлердің айтуынша, Қарағанды станциясынан өткен соң пойыз жолсерігі санитарлық аймақтан қан іздерін көрген. Кейін еденді жуған. Сондай-ақ бүкіл дәретхананың қан екенін байқаған.
Мұны естіген пойыз ішіндегі қыздардың бірі жағдайды анықтау үшін дәретханадан купенің біріне дейін созылған қан ізімен жүрген. Солай купе ішінен көрпеге оранып жатқан әйелді көрген. Көрпені жылжытқан кезде куәгер төсектің бәрі қан екенін байқаған. Зерттей келе әйел пойызда босанған болып шықты. Ол босанып, баланы пойыз вагонының терезесінен лақтыра салған.
Баланың денесі табылды. Өкінішке орай, нәресте көз жұмған. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.