Оқушыны зорлаған мұғалім өмір бойына сотталды.

Оқиға өткен жылдың шілде айында болған. 14 жастағы қыздың анасы полицияға қараша айында арыз түсірген. Кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 32 жастағы Семей тұрғыны ұсталған болатын. Ол 2022 жылдан бері қала  мектептерінің бірінде бастапқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген. 

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті оқушыны көлікте зорлаған. Қылмыс дәлелденді. Сот үкімімен мұғалім өмір бойына сотталды. Ол жазасын төтенше қауіпсіз мекемеде өтейді.

БӨЛІСУ