Қазақстанда картоп бағасының өсуіне байланысты Үкімет экспортты алты айға шектеді. Бағаның көтерілуіне Өзбекстаннан сұраныстың артуы және экспорттық бағалардың өсуі себеп болып отыр. Был картоп экспорты 1,5 есеге, яғни 411 мың тоннадан 605 мың тоннаға дейін өскен.
Соңғы аптада өндірушілер ұсынған картоп бағасы 170-тен 270 теңгеге дейін өсті. Шектеу ЕАЭО елдеріне әсер етпейді, бірақ экспорт қатаң бақыланады. Ішкі нарықтағы қор қажеттілікті қамтамасыз етуге жеткілікті. Ал ең қымбат картоп Астанада. Бағасы 455 теңгеге дейін жетті.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев елдегі картоп қымбатшылығын да романтикаға айналдыруға болады деп есептейді. Ол ерлер қауымына әйелдеріне гүл орнына картоп букетін сыйлауды ұсынды. Әйелдерге ұнай қояр ма екен?!