Ертең таңертең Мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Еске салайық, былтыр, 5 ақпанда президент кеңсесі Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайылов бастаған үкіметтің отставкасын қабылдап, бірінші орынбасары Роман Склярды уақытша премьер-министр етіп тағайындағанын хабарлаған болатын.
6 ақпанда президент әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенев премьер-министр болып тағайындалды. Ал 7 ақпанда Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

Сарапшылардың  айтуынша, биыл жыл басында үкіметтің отставкасы болмайды. Үкіметтің экономикалық саясаты ертең Президенттің сынына түседі деп күтілуде. Әкімшіліктің бақылау функцияларын күшейту және жаңа реформалар туралы айтылады деген болжам бар.

Әкімдер арасындағы ауыс-түйіс  көктемге  шегерілді. Қыста 1-2 облыс басшылары ауысуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, 2025 жылы Атырау, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Астана, Шымкент қалаларының әкімдері ротацияда. Барлығы бірінші жартыжылдықтың әлеуметтік-экономикалық нәтижелеріне және билік элитасындағы күштер балансының өзгеруіне байланысты болмақ.

БӨЛІСУ