Сырды күрзі жұдырық өрені Қамшыбек Қоңқабаев спорттан кетті.

Тұтас Қазақтың мақтанышы, кәсіпқой боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақтағы Ұлттық құрама боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев спорттағы мансабын аяқтады. Бұл жөнінде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.

Танымал боксшы Қамшыбек Қоңқабаев бокспен 2006 жылдан бастап шұғылданған. Үлкен спортқа қадам басқан алғашқы күнінен әлемдік ареналардың шаршы алаңдарында талай мықтымен қолғап түйістіріп, ел атын төрткүл дүниеге паш етті. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері, ҚР спартакиадасының чемпионы, бокстан әуесқойлар арасында ұлттық біріншіліктің чемпионы атанды. 2024 жылы Парижде өткен ХХХІІІ Жазғы Олимпиадасында өнер көрсетті.
Бокстағы жалғыз әттегенайы Олимпиада алтыны десек қателеспейміз.
Қамшыбек шәкірт тәрбиелей ма? Әлде басқа салаға кете ме белгісіз.
Бірақ Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы журналистерге берген сұхбатында “елге келемін десе құшағымыз ашық” деген болатын. Бәлкім Сырдағы бокс мектебін жандандыратын болар?!

БӨЛІСУ