Қазақстанда қасқыр атуға рұқсат берілді. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан аумағында қасқыр мен шибөріні аулауға қатысты құжатты әзірлегенін хабарлады.

«2025 жылдың 15 қаңтарында сағат 10:00-ден бастап санын реттеуге жататын жануарларды (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат алу қолжетімді. Биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар санын реттеу мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін бекітілген», деген хабарламада.

Жыртқышты атуға Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында тек үй жануарларына шабуыл жасалғаны жөнінде дәлелдер болған жағдайда ғана рұқсат беріледі.

📢Еліміздегі және әлемдегі соңғы жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқи аласыздар: t.me/qazaqstantv

БӨЛІСУ