Бүгінде «Адал адам – мәдени-тәрбие беру орталығы» Тұжырымдамасы аясында барлық мәдениет және клуб үйлерінде, кітапханаларда «Кино TIME», «Әлем BOOK», «ART уақыты», «Еріктілер тобы», «Сұхбат TIME», «Креативті НUВ», «Жанұя шуағы» бағыттары аясында арнайы бұрыштар мен бөлмелер жабдықталып жұмыстар жасалуда. М.Шәменов ауылдық мәдениет үйінде 100 ден астам мәдени шара ұйымдастырылып, 13000 көрермен тамашалады.
Креативті хаб бойынша «Киелі кимешек» атты ісмер әйелдердің аудандық байқауы, ауылдағы ағаш , қолөнер шеберлерінің көрмесі , фотограф Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі Шахмардан Әбдіхалықовтың көрмесі және ұмытылып кеткен бұйымдарымызды насихаттау мақсатында «Бір жәдігер -бір тарих» танымдық шарасы ұйымдастырылды. «Бір жәдігер – бір тарих» шарасы аясында ұмыт бола бастаған келі-келсап, диірмен, ұршық сабау, тулақ сынды құндылықтарымыз дәріптелді.
Жастарға ат ерттеу мен қамшы өруді үйрету мақсатында шеберлік сағаты, қыз балаларға шаш өруден шеберлік сағаттары, ұлттық тағамдар көрмесі мен ұлттық киімдер шеруі және ашық аспан астында соқыртеке, ортаға түспек, асық ату ойындары ұйымдастырылды.
Арт уақыт жобасы – үйірме сағаттары, интеллектуалды сайыстар, салт- дәстүрлерден көріністер, асық ойынын дамыту мақсатында бес асық ойынынан шеберлік сағаты, караокемен ән салу, балалар арасында шоу бағдарламалар және трендтегі мамандықтар жайлы шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
Әлем буук жобасы аясында – кітап фест -2024 шарасы, ертегі айту сағаты,
кітапханаға саяхат, кітапханаға кітап сыйла акциясы
«Еріктілер тобы» болса қоршаған ортаның тазалығына үлес қосып, сенбіліктерге атсалысып, ескерткіштердің тазалғына, жалғызбасты қарияларға көмек қолын созуда. Мұндағы мақсат, үлкенге құрмет көрсетіп, адам бойына мейірімділік пен кішіпейілдікті, адалдықты ұялату. Сұхбат тайм жобасы аясында еңбек адамдарымен, тыл ардагерлерімен және жетістікке жеткен жастармен сұхбаттар ұйымдастырылды.
Ал Кино TIME» жобасы аясында апта сайын жастарға және оқушыларға тәрбиелік мәні зор, отансүйгіштікке баулитын кино көрсетілімдері ұйымдастырылып тұрады.

БӨЛІСУ