Қызылорда облысында боранды күні жоғалып кеткен бақташы табылды.
Жалағаш ауданында мал бағуға шыққан бақташы аман табылды. Ер адам ауа – райы қолайсыз күні қой бағуға шығып, жолынан адасқан.
Полицейлер, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар күштерін біріктіріп, үйлесімді әрекеттерінің арқасында бақташы аман-есен табылды. Ер адам және қожалық иесі оның іздестіруіне қатысып, үйіне оралуына көмектескен азаматтарға шын жүректен алғысын білдірді.