Мемлекет басшысы Черногория Президенті Яков Милатовичке көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Четинье қаласында орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Президент Черногория халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Еске салайық, Черногорияның Четинье қаласындағы дәмханалардың бірінде атыс болып, салдарынан он адам қаза тапқан. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, кафеде төбелес шығып, одан кейін сол жердегі ер адамдардың бірі қару алып, келушілерге оқ жаудырған.
Черногория үкіметі сәрсенбі күні кешке қайғылы оқиғаға байланысты алдағы күндері үш күндік қаралы күн жариялады.