Бүгін қазалылық боксшы Гүлсая Ержан бокстан әйелдер арасында Тайландттың Чанг Мей қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында бақ сынап, жеңіске жетті.

Азия чемпионатында 81 келі салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңдағы қарсыласы украиналық былғары қолғап шебері Карина Айрепитянды айқын басымдықпен 5:0 есебімен жеңген жерлесіміз Азия чемпионы атанды.

Айта кетейік, жерлесіміз бірнеше күн бұрын өзбекстандық боксшы Сохибо Рузметовамен жұдырықтасып, қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, финалға шыққан болатын.

Жерлесімізді бүгінгі жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жекпе-жектеріне сәттілік тілейміз! Жеңіс құтты болсын Қазақ елі!

БӨЛІСУ