Партияның қалалық филиалының «Айқын» бастауыш партия ұйымында кезектен тыс жиналыс өтті. Басқосуда партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Бүгінде қала бойынша 12809 партия мүшесі қамтылған 40 бастауыш партия ұйымында 270 топтық ұйым жұмыс жасайды.
Жол картасы бойынша 122 іс-шараның 82 Қызылорда қаласына қатысты. Оның 59 орындалды, 23 шара орындалу үстінде.
Партиялық бақылау комиссиясының 9 отырысы өтті, 20 мәселе қаралды, 22 ұсыныс көтерілді.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында 612,8 млн теңгеге 56 жоба лимит түрінде көзделген. Алғашқы лекте 142,1 млн. тг. құрайтын 16 жоба қаржыландырылып жұмыстар жалғасуда.
«Жер аманаты» бойынша жопарланған 375 га жер телімінің орнына 842 га (224,5%) қайтарылды.

Партияның қалалық филиалы тарапынан бастауыш партия ұйымдарының мұшелерімен тығыз байланыс орнап, мереке күндері партиялық жобалар аясында кең көлемді шаралар ұйымдастырылып, партия мүшелері марапат төрінен көрінуде. Бұл шаралар легі алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Жиналыс соңында бастауыш партия ұйымы мүшелерінің бірауыздан дауыс беруі арқылы бастауыш партия ұйымының төрағасы болып Жүнісов Абайбек Талғатұлы сайланды.

БӨЛІСУ