Бүгін партия филиалында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Әліп Мәди Раманқұлұлы жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады.

Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үймен қамту, күрделі объектілерді жобалау кезінде ҚР-да BIM технологиясын іске асырудың жетістіктері және әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамту бойынша мәселелерді көтерді.

Басқарма басшысының орынбасары жаңа технологияның артықшылықтарын түсіндіріп өтті.

BIM технология құрылыстың барлық деңгейлерінде бірқатар кешенді шаралар мен жалпы көзқарасты білдіреді және құрылыс жұмыстары мен объектіні жобалаудың барлық деңгейлерінде сөзсіз артықшылықтарға ие. BIM адамдар мен ресурстарды тиімді бөліп, оларды мүмкіндігінше тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. “Ақпараттық модельдердің Мемлекеттік банкі” құрылды, оның басты мақсаты инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде шешімдер қабылдауға ықпал ететін ТИМСО объектілеріне қатысты деректерді жинау және сақтау 2025 жылдан бастап ТИМСОҒА көшу техникалық жағынан күрделі нысандар үшін міндетті болады. Осы уақытқа дейін заңнаманы пилоттық жобалар негізінде алынған мәліметтер негізінде өзектендіреді.
Қызылорда облысы бойынша 2024 жылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін 296 пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 3,8 млрд.теңге, 1523 пәтер сатып алуға бағалы қағаздар шығару есебінен 22,5 млрд.теңге қаржы қаралды. Бұл жағдай келесі жылдары да көрініс табады. 2025 жылы халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтар үшін жаңа 275 пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 3,8 млрд.теңге жоспарланған. Құрылыс салушылардан жаңа дайын тұрғын үйлерді сатып алуға «Самұрық-Қазына» АҚ есебінен қаржы бөлу қарастырылуда.
Сонымен бірге, тұрғын үймен қамту бойынша «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасының нақты ережелерін түсіндіріп, қосымша сұрақтары болған жағдайда облыстық қоғамдық даму және құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларына жолыға алатынын жеткізді.

БӨЛІСУ