Достық үйінде «Этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу және медиация рәсімдерін өткізудің өзекті технологиялары» тақырыбында семинар-тренинг жалғасын тапты.

Тренингке этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға тартылған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мамандары, білім беру мекемелерінің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.
Семинарды «Халықаралық кәсіби медиаторлар және заңгерлердің институты» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы, этносаралық жаттықтырушы-медиатор Жанар Үсіпбекова жүргізді.
Семинардың екінші күнінде қатысушылар этносаралық келіссөз жүргізушінің құралдары мен әдістері, тараптардың ұстанымдары және мүдделерімен жұмыс, келіссөздер процесінде қолданылатын инновациялық коммуникациялық технологиялар, қол жеткізілген келісімдерді дайындау кезеңі, практикалық этносаралық кейсі: этносаралық даулар бойынша келіссөздер жүргізу бағыттары талқыланды. Тақырып бойынша сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.
Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

БӨЛІСУ