Қызылорда медициналық жоғары колледжінде психикалық денсаулық қызметінiң пациенттерiне мамандандырылған медициналық көмек көрсетудi жақсартуға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде “Қоғамдағы психикалық денсаулық: Интеграция және қолдау векторлары” тақырыбында халықаралық конференция өткізілдi.
Конференцияның ашылуында “Психикалық сауықтыру саласында жұмыс істейтiн мамандар қауымдастығы” РҚБ, “Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы” ШЖҚ РМК, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ДДСҰ (Женева), Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан ғалымдарының қатысуымен ұйымдастырылған конференцияда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мирзанова Мая Миранбайқызы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің “Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-
практикалық орталығы” ШЖҚ РМК бас директоры, м.ғ.к. Алтынай Есқалиева және психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығының Президенті, м.ғ.д., профессор Сағат Алтынбеков сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттiлiк тiледi.
Шара одан әрі Қазақстан Республикасының психикалық денсаулықты қорғау қызметінің күйі және даму болашағы туралы, психофармакотерапияны дербестендіру: тиімділік пен қауіпсіздікті арттырудың заманауи мүмкіншіліктері, Қазақстан Республикасында психикалық белсенді заттардан тәуелді тұлғаларды медициналық әлеуметтік оңалту такырыптарындағы баяндамаларға ұласты.