Достық үйінде «Этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу және медиация рәсімдерін өткізудің өзекті технологиялары» тақырыбында семинар-тренинг өтуде.
Тренингке этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға тартылған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мамандары, білім беру мекемелерінің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысуда.
Семинарды «Халықаралық кәсіби медиаторлар және заңгерлердің институты» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы, этносаралық жаттықтырушы-медиатор Жанар Үсіпбекова жүргізуде.
Семинардың бірінші күнінде қатысушылар этносаралық қақтығыстарды реттеудегі келіссөздер процесіндегі медиация құзыреттері мен әдістері, құрылымы мен моделі, этносаралық жанжалдарды реттеудегі медиацияның негізгі кезеңдері, медиация тәсілі: коммуникативті, конфликтологиялық құзыреттілік, практикалық этносаралық кейсі: этносаралық қатынастардағы медиация және дауларды шешу жолдары, этносаралық қақтығыс: терминологиясы, негізгі бағыттары талқыланды.
2024-12-06