Бүгін облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Б.Сандыбаевтың төрағалығымен тұрақты комиссияның отырысы өтті. Аталған отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары және мамандары қатысты.

Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде:

1)Тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, Қызылорда облысындағы агроөнеркәсіп кешеніндегі атқарылған жұмыстарының есебі;
2) «Облыстық жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 118 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3) Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы;
4) Тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, облыстағы елді мекендердегі аяқ судың жай-күйі туралы;
5) Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының өңірлік жоспарын бекіту туралы;
6) «Қызылорда облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 263 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
7) «Өңірлік үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 22 мамырдағы № 103 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
8)«Қызылорда облысы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің құрамын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 13 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
9) Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге қатысты мәселелерді қарау жөніндегі арнайы комиссия құрамын бекіту туралы;
10) Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы 10 мәселе қаралды.
Отырыста аталған мәселелер бойынша басқарма басшылары хабарлама жасап, хабарламадан соң, депутаттардың тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды. Отырыс соңында күн тәртібіндегі 7 мәселе бойынша шешім жобасы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына ұсынылды.

БӨЛІСУ