Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы іске асырылуда.

Осыған орай, Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ж.Шынтасов «Абырой» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің студенттеріне «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік жүйесі» тақырыбында дәріс өткізіп, мемлекеттік қызмет барысы жөнінде ақпарат берді. Семинарда мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары мен міндеттері, мемлекеттік қызметтегі этика, шешім қабылдау процесі жөнінде түсіндірумен қатар, мемлекеттік қызметтің қоғамдағы орны мен маңыздылығын атап өтіп, болашақта жас мамандарды өз қызметіне адал болуға, кәсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіруге шақырды.
Дәріс соңында семинарға қатысушылар өз сұрақтарына жауаптар алып, ойларымен бөлісті.

БӨЛІСУ