Жергілікті кәсіпкер гидропоника әдісімен мал азығын өсіруде.

Гидропоника – өсімдіктерді топырақсыз, жасанды ортада, яғни қоректік заттардың судағы ерітіндісінде өсіру әдісі. Мейілінше қысқа мерзімде құнарлы, әрі мол өнім береді.Бұл әдіс мал шаруашылығы үшін өте тиімді болып табылады.

Осыған орай, өңірде жеке кәсіпкер «Ғайни» биылғы жылдың қазан айынан бастап гидропоника әдісімен мал азығын өндіруді қолға алды.

Жалпы көлемі 70 шаршы метрді құрайтын цехта тұқымды жасанды жарықтандыру, автоматты су бүрку, озонатор, бульбулятор және басқа технологиялардан құралатын арнайы гидропондық аппарат орналастырылды. Цех тәулігіне 50 малды азықтандыруға жететін өнім өндіру мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда, жергілікті тұрғындар мал азығын ретінде пайдалануда.

Кәсіпкердің мәліметінше, өнім құнарлы болғандықтан сүт өнімділігін және майлылығын арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, ет бағытындағы жануарға берсе, қосымша салмақ қосуына әсер етеді.

Кәсіпкер алдағы уақытта витграсс немесе бидай өскіндерінен әзірленетін шырын өндірісін қолға алуды көздеуде. Бұл өнім тағам саласында кеңінен қолданылуда.

Бидайды жарып шыққан өскіндер құрамында хлорофилл, жасушылар, Е витамині мен антиоксиданттар бар. Витграстың басты артықшылығы оның асқазан-ішек жолдарының ауруларына шипасында. Сонымен қоса бидай өскіндері қышқыл-сілті теңгерімі мен қандағы қант деңгейін қалыпта ұстауға әсер етеді. Кәсіпкер қазіргі таңда өнімді өндіруге қажетті құжаттарын әзірлеуде.

БӨЛІСУ